Пейзаж

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

І. Сабақтың тақырыбы: Пейзаж
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: пейзаж түрлерімен таныстыру; кескіндемелік дағдылар мен біліктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту; табиғатқа деген сүйіспеншілік және қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру.
б) тәрбиелік: табиғатты аялауға және қорғауға баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.
ІІІ. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.
IV. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
V. Сабақ көрнекілігі: Слайдтар: табиғат көрінісі суреттерінің көшірмесі, фотосуреттер, "Сызықтық және кеңістіктік перспектива" кестесі, бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулық (авторы Д. Ж. Бердібеков).
VI. Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру сәті.
2. Электронды оқулықпен жұмыс.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
5. Сабақты қорытындылау.
VII. Сабақ барысы:
Сабақтың тақырыбын баяндау.
Пейзаж дегеніміз не?
Бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулықпен жұмыс.
Электронды оқулықтан "пейзаж" ұғымының анықтамасын тауып, түсіндіру.
Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің &qu

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: