Педагогтарға арналған психологиялық тренингтер

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4


Психолог: Мен сіздерге жағымсыз әсерлерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: "Әлдекімнің ойына: "Тағы да жолым болмай қалды" Енді бірі "Мен басқалар сияқты ақылды емеспін. Не үшін бекерге тырысамын?"-деген жауаптар мазалайды.
Айналаңызда орын қалдырып, еркін тұрыңыздар. Алақаныңызды, білегіңізді, иығыңызды сілкіңіз. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз тіптен дұрыс болар еді. Жағымсыз сезімнен арылғаныңызды біртіндеп сергек, көңілді бола түскеніңізді елестетуге тырысыңыз.
Талдау. Жаттығуды орындаудан кейінгі көңіл-күйіңіз.

8. Қорытынды "Суретті тест" жаттығуы.
Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы
"Суретті тест" жаттығуы арқылы білетін боламыз.
Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Талдау.
Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
Бұлттың суреті- алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.
Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.
Қатысқандарыңызға көп рахмет!





Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: