огияларды қолдану арқылы жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке, сыныппен.
Сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық, эмоцияналдық, коммуникативтік дамуына жетілдіруге үлесінің зор екендігі практика жүзінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінен көруге болады.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі:
Ø Әдістемелер арқылы іс- әрекет барысында логикалық, операциялық, анализдеу сынды әрекеттері дамып, қалыптасады;
Ø Ақпараттық интерактивті технологияларға қызығушылықтары артып, зейін шоғырландыру, тұрақтандыру, соның ішінде ырықты зейінді қалыптастыруға ықпалы зор;
Ø Психологиялық интерактивті жаттығулар, әдістер арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қиялын ұштауға қанаттандырады;
Ø Дәстүрлі әдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы қолданыла көрсетілген көрнекі- жабдықтар бала есінде ұзақмерзімді сақталып, есте сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді;
А
Сондықтан да инклюзивті білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сай дайындап, пайдаланып, пәндер бойынша бағдарламаларын құрастырып, түзете- дамыту жұмыстарын жүргізсе, мүмкіндігі шектеулі жандардың заман талабына сай тұлға қалыптастыруға септігі зор екендігі белгілі. Инклюзивті оқытуда мұғалім жаңа технологияларды игеріп, оқушы танымы мен қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі зор.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа ұрпаттағы оқ
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>