П п дыбысы мен әрпі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: П п дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
а) Сабақтың білімділігі: Оқушыларға П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысын,сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Өз білімдерін бүгінгі жаңа сабақта ұштастыру.
ә) Сабақтың тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақылыққа,буынға бөліп оқуға,көркем сұлу жазуға тәрбиелеу.
б) Сабақтың дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Тілбайлығын, ой-өрісін дамыту.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, дамыту, түсіндіру;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
2. Қызығушылығын ояту. Қайталау –білім анасы.
- Балалар біз көңіл-күйіміздің әрқашан көтеріңкі болғанын қалаймыз. Көңілімізді ешқашан кірбің, бұлт шалмаса екен деп ойлаймыз. Аспандағы күніміз де әрқашан жарқырап тұрсын. Бірақ күніміздің бетін бұлт шалыпты. Күн көзінен бұлтты сейілту үшін мына бұлттардың артында сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға жауап бере отырып күнімізге көмектесейік.

1. Ә дыбысы қандай дыбыс?
2. Қызыл текшемен қандай дыбысты белгілейміз?
3. Ү қандай дыбыс?
4. Дыбыс дегеніміз не? (естиміз, айтамыз)
5. Әріп деген не? (көреміз, жазамыз)
6. Дыбыс нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
7. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеде? (жуан, жіңішке)
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
9. Сөйлем неден құралады? (сөздерден)
10. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз.
II Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар өткен сабақ қандай дыбыспен таныстық?
Ү дыбысы дауыстыма, дауыссызба?
Сен бақытты ұлансың өлеңін мәнерлеп оқу.
Жақсы оқыған оқушыларға жұлдызшалар беріп отыру.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: