ОЙЫНШЫҚТАРЫМ

Страницы: 1 | 2  >  >>


Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:Ойыншықтарым
Мақсаты:
Үйрету: өлең мәтінін түсініп,жатқа айта білуге үйрету;
Дамыту:ойыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу,ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелеу:ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Блингвальды компонент: ойыншық-игрушка.
Қолданылған көрнекілік құралдар: әртүрлі ойыншықтар,ойыншықтар суреттері,слайд.
Сөздік жұмыс: обал-ақ.
Жеке жұмыс:Айғанымға тақпақ жаттатқызу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Оқу қызметінің кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.






Балалар шеңбер болып тұрады,қимылдар жасайды.

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата.



- Күз мезгілі бізге қандай сый береді?

Төрт мезгіл бар
Күз мезгілі.
Қыркүйек айы
Күн суыта бастайды,жаңбыр жиі жауады,жапырақтар сарғайып ,жерге түседі.
Жеміс-жидек піседі


Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар,күз мезгілі туралы тақпақтар білеміз бе?







Оқу қызметі жұмбақ жасырудан басталады.
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.

Аяғы бар жүрмейді,
Аузы бар күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
-Балалар,доп,қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз?
-Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар?
-Ендеше ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың "Ойыншықтар" өлеңімен танысып,жаттаймыз.

Ойы

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: