Білім беру саласы: "Коммуникация"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: "Ойыншықтар әлемі"
Мақсаты: Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында: ағаштан, резеңкеден, пластмассадан, матадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету. Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, сиқырлы қорапша.
Әдістер: ғажайып сәт, жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, әңгімелету, өлең оқу, ойын ойнату.
Сөздік жұмыс: резеңкеден, пластмассадан, ағаштан, матадан.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер Ана!
Сәлеметсің бе, достарым?!
Шаттық шеңберіне тұрады
Іздену - ұйымдастырушы
Есік қағылып хат тасушы топқа сиқырлы қорапшаны алып келеді.
Ой, балалар қараңдаршы бұл қандай қорап болды екен? Қорапты ашып қарайықшы. Балалар, мұнда әсем, әдемі ойыншықтар бар екен.
Балалар мына жұмбақтың жауабын шешіп көріңдерші:
Тепсең-ақ секіріп, ұстатпай қашады,
Бір жерге бекініп, тұра алмай сасады.
Ол не?.
Доптың пішіні қандай?
Доптың түсі қандай?
Доп неден жасалған?
Кім доп туралы тақпақ біледі?
Машинаның суретін көрсетіп, бұл не деп сұрау.
Ал, машина неден жасалған?
Кім машинаны сипаттап айтып береді?
Кім машина туралы тақпақ біледі?
Ал енді, мына жұмбақтың шешуін табыңдар:
Салпаң
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>