Ойыншықтар әлемі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

құлақ , масақ мұрт,
Қыли көзді, жырық ұрт,
Көлеңкесінен қорыққан,
Үрей дейді оны жұрт.
Бұл не балалар?
Қоян неден жасалған?
Қоянды кім сипаттап айтып береді?

- Кім қоян туралы тақпақ айтады?







Балалар, енді мына жұмбақтың жауабын тауып көріңдер:
Асты, ұйқыны білмейтін,
Мұндай бала көрсем ше.
Жүгірмейтін, жүрмейтін,
Жыламайтын, күлмейтін.
Бұл не?.
Балалар, дұрыс айтасыңдар бұл қуыршақ, аты -Әйгерім.
Қуыршақтың киімін кім сипаттап айтып береді? Қуыршақ неден жасалған?
Кім қуыршақ туралы тақпақ біледі?








Балалар, міне сендермен бірге ойыншықтардың неден жасалатынын білдік. Яғни ойыншықтар: резеңкеден, пластмассадан, ағаштан, матадан жасалады екен.
Сергіту жаттығуы.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жөнелді.
Балалар, егер бір ойыншық болса, біз ойыншық дейміз. Ал, бірнеше ойыншық болса, ойыншықтар дейміз. Сол сияқты бірнеше ойыншық атауларын жекеше және көпше түрде айтқызу.
Ойын "Ғажайып қалта"
Шарты: Баланың көзі байланып, қалтадан бір ойыншық алады да, сипап сезу арқылы неден жасалғанын айтады. Содан кейін көзін шешіп ойыншықты сипаттап айтып береді, алдын ала жасалған үйдің біріне апарып кіргізеді. Ойыншықтың неден жасалатынына қарай "жасыл түсті үйге - матадан", "қоңыр түсті үйге - ағаштан", "қызыл түсті үйге - пластмассадан", "көк түсті үйге - резеңкеден" жасалған заттарды кіргізу керектігін балаларға түсіндіру.

Назары тәрбиешіде.








Доп
- Доп домалақ.
- Доп қызыл.
- Доп резеңкеден жасалған.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: