Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні,айы,жылы: 28. 11. 2016
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ойыншықтар достығы.
Мақсаты:Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға ұйретуді жалғастыру. "Қ" дыбысының дұрыс айтылуын бекіту. Өзара татулық сезімдерін дамыту. Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:шаттық шеңбер,
Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,әңгіме жүргізу.
Көрнекі құралдар: суреттер, ойыншықтар.
Қостілділік: ойыншықтар -игрушки
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері.
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар қараңдаршы, балабақшаға келгенде айналамызда нелерді көреміз?
Өлеңді тәрбиешімен бірге қосылып қайталайды.
-ойыншықтар
Ұйымдастыру- шылық ізденіс кезеңі
Жұмбақ жасыру.
Аяғы бар жүрмейді,
Ауызы бар күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
-Балалар, кім жауабын біледі? Бұл не?
-Балалар, бүгін біздер ойыншықтармен танысамыз.
-Қане бәріміз менің үстелімдегі ойыншықтарға қарайық.
-Қане, қоянды ұстап көріңдерші, қандай екен?
- Қоян туралы кім тақпақ біледі?
- Доп неден жасалған?
-Доп туралы кім тақпақ біледі?
- Машина неден жасалған?
-Машина туралы кім тақпақ біледі?
-Домбыра неден жасалған?
-Бір сөзбен не деп айтамыз? Бір ойыншықты ойыншық дейміз, көп ойыншықты ойыншықтар дейміз.
-Дұрыс айтасыңдар балалар,ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жұмсақ,резинадан, немесе пластмасса
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>