Ою-өрнек ҚТЖ

Страницы: 1 | 2  >  >>

Пәннің аты: технология; қыздарға
Сынып: 7 Оқушы саны:

Кабинет: 203
Мұғалім: Мешелова Г. З
Сабақтың атауы
Ою- өрнек түрлері. Оюлы құрақ.

Білімділік: оқушыларға ою-өрнектердің шығу тарихы, түрлері, мағнасы жайлы түсінік беру, өрнектерді ою әдістерін үйрету, құрақ түрлерінің қолданылуымен таныстыру.
Дамытушылық: Ою-өрнектерді атау, көрсету, ою, қию, жапсыру, тігу жұмыстары арқылы ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабылетін дамыту.
Тәрбиелілік: Ою-өрнек үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге, дәстүрлі заттарды күтіп ұстауға, эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: топпен, сұрақ-жауап, түсіндіру, сарамандық жұмыс жасау әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: слайд,ою-өрнек үлгілері,қазақы нақыштағы ою-өрнектермен бейнеленген заттар, еңбек құралдары, қима қағаздары.
Жаңа сөздер: орнамент
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, әдебиет, музыка, геометрия.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мақсаты
Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал
- Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі




Геометриялық фигуралар үлестіру арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту
Соңғы уақытта оюды салу, үйрену үйірмелері бар. Олардың саны күн санап арта түсуде.
Олар дәстүрге арналған;
1. Жануартектес ою-өрнектер. ;
2. Ғарыштық ою-өрнектер

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: