ОҚЫТУДАҒЫ БАҒАЛАУДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
ЖУМАГАЗИЕВА ДАНАСУЛУ ЖУСИПОВНА
БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ, 272 ОРТА МЕКТЕБІ,
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК
ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бір сөзінде, "Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Замануи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік" деген, Мемлекет басшысының ұлағатты сөзі келешектің білімді ұрпақ қолында екенін айқын білдіретіні анық.
Білім берудің қазіргі замандағы негізгі мақсаты білім негізін беріп, білік пен дағдыны қалыптастырып, болашақ мамандық иесі болуға машықтандыру ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны дербес, әлеуметтік, кәсіби ұтымды шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыра білуге даярлау болып табылады. Яғни, бүгінгі оқушы, келешек маман бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз Отанына қызмет етуге даяр тұлға болып шығуы тиіс. Әрине бұл жерде ұстаздың орны ерекше, себебі мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін өрістетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен істеген жұмыстарды саралап, қортындылап, бағалау керек.
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Оқушылардың сабаққа даярлығының, қабілеттінің көрінісі бағамен есептеді. Кейде оқушылар және мұғалімдер арасында "баға үшін оқисың ба" деген сияқты сөздерді естеп қаламын. Бұл дұрыс түсінік емес, баға ол білімнің, жұмыстың нәтижесінің көрінісі, алған білімінің дәрежесін көрсетеді.
"Бағалау&qu
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>