Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі туралы ашық сабақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл - ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі - жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз - адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді. 2 ІІ. Негізгі бөлім Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі Білім - қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Өзімнің 9-сыныптарға өткізген "Акробатикалық жаттығулар" атты сабағымда алдымен оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: