Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі туралы ашық сабақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру; - Екіншіден, салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс - шараларды жүргізу. Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене - қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; Олардың мінез - құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени - гигиеналық мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Өмір салты дегеніміз не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік - психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады: - белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану; физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - қарым - қатынас және экологиялық мәдениетке жету; - дұрыс жыныстық тәрбие алу; - зиянды әдеттерден аулақ болу. Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі - жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік - патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр: - әлеуметтік - экономикалық жағдай; - отбасындағы психологиялық орта; - жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т. б. Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: