Өзін-өзі тану
Тақырыбы:Оқуға құштарлық
Мақсаты: Балалардың "білім", "махаббат", "адамгершілік" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Оқуға құштарлығын арттыра отырып, білім алуға ынталарын дамыту;
Кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер , интерактивті тақта, еліміздің картасы, түрлі - түсті қағаздар мен сызбалар. .
1. Шаттық шеңбері:
Біліміңді аяма,
Ата-анамдай аяла.
Мектеп- ана болмаса,
Бала құшақ жая ма?
Балалар ортаға шеңбер құрып тұрып "Бақытты балалық шақ " әнін айтайық :Жарастықпен айнатып өмір көркін,
Гүл- бақшада сайраңдап өскен еркін.
Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,
Келешекте ұлы істі меңгеретін.
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын.
Зәулім мекиеп , кең сарай , түрлі алаң,
Не керектің біз үшін бәрі дайын
Білім шыңын өрлейміз басып алға ,
Қиындық жоқ , бөгеліс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Көк туымыз желбіреп қолымызда.
2. Шығармашылық тапсырма:
Тақтаға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?(Мақал- мәтелдер)
Олай болса мақалдардағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою арқылы, мағынасын ашу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.
1. . . . . . . . . . . . . . - білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
2. . . . . . . . . . - инемен құдық қазғандай.
3. . . . . . . . . . . . . білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Балалар, бүгін біз оқу , білімнің адам өміріндегі қажеттілігі , маңыздылығы туралы әңгімелесеміз. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы " Оқуға құштарлық&qu
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>