Сынып: 1-сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқу құралдары туралы білімдерімізді жинақтап, дидактикалық ойын түрлері арқылы бекіту.
2. Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын сауатты, таза ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы қорыту, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдісі-тәсілдері: оқу- аудару, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі кәртішкелер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушылармен амандасу.
Балалар! Бүгінгі мемлекеттік тіл сабағын бастайтын мұғалімнің рөлін оқушы ойнайды, тіл дамыту сұрақтарын сыныпқа ұсынады.
Сұрақтар: Балалар! Қазір қай жыл мезгілі?
Көктем айлары қандай?
Көктемде құстар не істейді?
Көктемде қармен не болады?
Ауа райы қандай?
Жақсы. Қандай үй жұмысы болды?
3. Үй тапсырмасын тексеру:
4. Балалар!
Нелерді көріп тұрсыңдар? Бір сөзбен қалай атаймыз? Дұрыс, бұл оқу құралдары.
Біздің сабағымыздың тақырыбы: Оқу құралдарым.
Сабағымыздың мақсаты: оқу құралдары туралы білімдерімізді жинақтап, дидактикалық ойын түрлері арқылы бекіту.
Балалар! Қараңдаршы! Бұл кім, білесіңдер ме? Иә, дұрыс айтасыңдар, "Гоу,Гоу Диего!" атты мультфильмнің кейіпкері Диего. Ол орыс тілін, ағылшын тілін жақсы біледі, ал қазақ тілін сендермен үйренгісі келеді. Біздің мектебімізге келгісі келеді.
Диегоға көмектесеміз бе? Ол бізге сөмкесімен келді, бірақ оның ішінде ештене жоқ. Қалай ойлайсыңдар, онда нелер болуы керек?
Дұрыс. Оқу құралдары. Сөмкесіне бәріміз де оқу құралдарын сал
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>