ласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін- өзі ұстай алмайтын жағдаға жетеді. Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп, қаруландырады.
Алтын бесік - отбасы болса,алтын ұя - мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақалы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндет - біреу. Демек , мұғалім мен тәрбиеші қаумының қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретініде содан. Сондықтан кез келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу-тәрбие жұмысындағы қызметін өзін-өзі танудан бастағаны жөн. Өзіңнің бала болғаныңды, өзіңнің ата-ана екеніңді, өзіңнің ұстаз екеніңді ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырсаң,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ғұлама Әл-Фараби "Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту,ең қиыны өзіңді өзің түсіну" десе,К. Маркс "Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі" деп ескертеді. Ең бастысы,баланың жан азығына зәру екеніні еш уақытта ұмытуға болмайды. Абай атамыздың жетінші қара сөзінде "Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем,жесем,ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қона
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>