Отбасының бала тәрбиесіндегі сәттілігі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ады. Сонымен қатар махаббат сезімін, достықты, жауапкершілік пен шындықты түйсінеді.
Отбасылық тәрбие өсіп келе жатқан баланың барлық өмірлік іс-әрекетіне ықпалын тигізеді. Солардың кейбір маңыздыларына тоқталатын болсақ, олар интеллектілігі-танымдық, еңбектік және қоғамдық құндылық бағдарлау, көркем-шығармашылық, еркін қарым-қатынасты айтуға болады. Сонымен қатар осы кезеңдердің бәрі қарапайым деңгейден қүрделі әлеуметтік және тұлғалық мәнге дейін жоғарылайды.
Бедел- адамның сана-сезіміне бекем ұялаған қасиет. Сондықтан әрбір отбасы мүшелері өзінің істеген ісімен, өнегелі жүріс-тұрысымен жас жекіншектерге тағлым алатындай өнеге көрсеткені жөн. Бала тәрбиесіне немқұрайды қарау ата-ана беделінің жойылуына әкеп соқтырады. Мұның негізгі себептері олардың өз перзенттерін әдеттен тыс еркелетіп, сәби кезінен өз дегендерін істетіп үйренген бала тілазарлыққа т. б жат қылықтар көрсетеді. Отбасы ынтымағының болмауы ерлі-зайыптылар арасындағы ала ауыздық, бірінің сөзін екіншісі тыңдамайтын жағдайда бала тәрбиесі тым қиындап кетеді. Мұндайда ата-ана беделден, педагогикалық ықпалдан айырылады.
Кейбір ата-аналар тек балаларының қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеумен шектеледі.
Әке шаңырақ иесі, отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығы мен ер-азаматқа жүктеледі. Бала- әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке-шеше және отбасының басқа да ересек жандары жеткіншектерге сөзбен ғана емес, жеке бастарының өнегесімен,іс-әрекеттерінің үлгісімен көп ықпал жасайды.
Отбасындағы өзара қатынастың змоционалды түрін екі жақты қарастыруға болады. Біріншісін жылылық, мейірімді қатынас (Ата-аналық махабат)
ал екіншісі-суық. Бірінші жағдайда тәрбиенің құралы ретінде көңіл аудару мен мадақтауды, ал екінші жағдайда қаталдық және жазалауды айтуға болады. Бірақ көптеген з

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: