ды. Бала үйден көрген өнегесі мен мектепке алған білімін тәрбиемен толтырғанда ғана абыройлы азамат атады. Өйткені, отбасында болып жатқан сан алуан жағдайлар,ата-ананың баламен сөйлесуі, демалысты қалай ұйымдастыруы,қонақ қабылдауы еңбекке көзқарасы, бәрі де балаларға әсер етеді. Олардың халық даналығында "ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің" деп бекер айтылмаса керек.
Әрбір ата-ананың басты міндеті-балаға сенімділік пен өзін-өзі бағалау мүмкіндігін беруінде. Сенім арқылы баланың бойына сыйластықты қалыптастыруға болады. Егер үлкендер баланың күшіне,адалдығына,мейірімділігіне сенім артса, онда оларда өз күшіне сенушілік жоғарылайды және одан да жақсы жақтарын көрсеткісі келеді. Сенімділік жеке адамды тәрбиелеуге,өзін-өзі жетілдіруге бейімдейді.
Ата-ана мен бала арасындағы ашық,сенімді қатынастың арқасында отбасындағы адамгершілікті жағымды деңгейде жүзеге асыруға болады.
Отбасындағы бала тұлғасына әсер ететін факторларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Біріншісі-отбасының әлеуметтік ортасы,яғни баланың әлеуметтік құндылықтарға және рөлдерге қатынасы арқылы байқауымызға болады. Екіншіден-ішкі және сыртқы отбасылық іс-әрекетіндегі әлеуметтенудің күшті құралы ретінде көруімізге болады,үшіншіден - бұл жеке отбасылық тәрбие,педагогикалық әсер етудің балаға толық бағытталуы. Отбасылық шарттарға қоса әлеуметтік жағдай,материалдық деңгей және ата-аналардың білім деңгейі елеулі түрде баланың өмірлік жолын алдын-ала анықтайды. Баланың отбасында қоршаған орта туралы және жоғарғы мәдени білім деңгейі туралы пікір қалыптасады. Отбасындағы адамгершілік психологиялық ахуал бала үшін адамдармен қатынастың алғашқы мектебі. Нақ осы отбасында баланың мейірімділікке және зұлымдыққа, тәртіптілікке, материалдық және рухани құндылықтарға деген көзқарасы қалыптас
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>