Отбасындағы қыз баланың тәрбиесі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тан иманы мен ибалы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Әйел - шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты. Дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. Бірақ, бүгінгідей жалаңаштанып, езулерінен темекінің түтінін будақтатып, қаланың түнгі қонақтарына айналған аруларымызға қараған сәтте, бүкіл қазақ қыздарының болмысы өзгергендей болады. Тіпті, мектеп табалдырығындағы қыздарымыздың өзі тым еркінсіп кеткен. Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады.
Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі. Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Мәселен, сабақтан қайтып келе жатқан екі қыздың әңгімесіне құлақ түрсең "Ой, қойшы, ол маған ұнамайды, ауылдан шыққаны көрініп тұр. Анау өзі бүгін жынды киініп алыпты, шақырып алып сабасына түсірейік, ұрып кетейік, кешке клубқа барайық" деген сөздерді еститініміз рас. Ал, осылай өсіп келе жатқан қыздарымыз, жаст

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: