к? Сонда бізді тәрбиелеп отырған әке-шешеміз, ата-әжеміз қайда? Міне, осындай сан мыңдаған сауалдар ешкімді бейжәй қалдыра алмайтыны анық. Қазіргі кезде кейбір арулардың қысқа етекті белдемше киіп, алкогольдік ішімдіктер ішіп, шайтандар үйін паналауы бұл ең бірінші ата-анаға және екінші адамның өз ортасына байланысты. Біз кінәліні алыстан іздемеуіміз керек. Себебі, осындай орыны толмас олқылықтар ең бірінші тәрбиенің жетіспеушілігінен болады. Бүгінгі ата-ана балам жақсы болсын деп ішер асын да, киер киімін де, кітап-журналын да, интернетін де, барлық мүмкіншілігін жасап береді. Алайда, ата-ана міндеті мұнымен шектелмейді. Балаға ең бірінші керек құндылық ол - тәрбие. Ұлы Абай атамыз: "Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, ата-ананың қызынан қапы қалма" деген екен. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі - ұлттық салт- дәстүрлер. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрмен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенуіміз керек.
"Құлыншақ балалар бақшасы"
"Отбасындағы қыз тәрбиесі"
(наурыз айы)
Дайындаған:Бірімжанова М. З
Жаңақима
2015-2016оқу жылы
Страницы: << < 3 | 4 | 5