Қазақ тілі. 5 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.
Дамытушылық: Тақырып бойынша, оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетіне жол ашу.
Тәрбиелік: Оларды татулыққа, ойға жүйрік болуға, ізденімпаз болуға баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап
Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
Көрнекілігі: сөйлем құрау, слайдтар, үлістірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу ауа- райы, күз туралы аздап әңгімеге шақыра отырып ойларын сабаққа аудару.
II Үй жұмысын тексеру: Ереже, Үндестік заңына байланысты, жаңа сөздерді сұрау.
III Ой шақыру, сабақтың мақсатымен таныстыру: Осы тақырып бойынша білімдерін молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, отбасында тату болуға үйрету. Суреттер арқылы отбасы мүшелерді атау.
IV Жаңа сабақты түсіндіру: Мақалды талдау
Мәтінмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
Тірек сызбадағы сөздер
Сергіту
V Сабақты түсіндіру: А)Балалар отбасын әдетте үш тұлға құрайды: әке, ана, бала.
Ендеше мына мақалға назар аударайық:
Әке- асқар тау,
Ана-бұлақ,
Бала-құрақ.
Осы мақалдың мағынасын қалай түсінеміз? Әке тау сияқты мықты, биік қорған. Ана су тәрізді өмірдің нәрі. Бала- тауда ағып жатқан су жағасындағы құрақ (шөп ) сияқты, яғни бала ананың қамқорлығымен өседі.
Б)Тренинг арқылы оқушыларды үш топқа бөлемін.
Ітоп Әке ІІ топ Ана III топ Бала
Осы топтар әр отбасы мүшенің үйде қандай жұмыс жүргізетінің көрсетеді, постер бойынша. Сосын өз постерлерін қорғайды. Бір топ өз жұмысын қорғағанда, екінші топ оларды бағ
Страницы: 1 | 2 > >>