"Отан - рухы биік, асқақ ұғым!"
Тақырыбы: Отан - рухы биік, асқақ ұғым!
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның президенті Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мақалдар, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, т. б
Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Себебі, бүгін бізге сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтарымызбен сәлемдесейік. Олай болса, балалар, қонақтарға сыныбымызда білімді, үлгілі, тәртіпті, алғыр балалар бар екенін бүгінгі сабағымызда көрсетейік. Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау.
"Менің Қазақстаным" тақырыбында үйден жазып келген эсселерін оқыту, тексеру.
Сұрақ - жауап
1. Қазақстанның астанасы қай қала?
2. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
3. Қазақстанның рәміздерін атаңдар?
4. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
5. Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?
- Ендеше, балалар, мына тақтадағы әріптерге көз салыңдаршы. Мұндағы әріптер орындарын ауыстырып, адасып қалыпты. Енді осы әріптерді өз орындарына тұруына көмектесейік.
"Адасқан әріптер" ойынын ойнау.
росы, тарат, раба, іенмс.
- Балал
Страницы: 1 | 2 > >>