Отан қорғаушылар күні

Страницы: <<  <  1 | 2

ар, әріптерді орнына қойғанда қызыл шаршының ішінде қандай сөз шықты?
- Әрине, ОТАН
- Олай болса, балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да Отан туралы, яғни "Отан - рухы биік, асқақ ұғым!"
(Дәптерлерімізді ашып, күннің реті мен жаңа сабақтың тақырыбын жазып қояйық)
- Балалар, қаламсабымызды өз орнына қойып, жаңа сабақты мұқият тыңдайық.
Мұғалім сөзі:
- Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз тәуелсіз, егеменді мемлекет. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Қазақстан Республикасының бас қаласы, астанасы - Астана. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Кең байтақ Отанымыздың қалалары, байлықтары өте көп. Қазақстанда алтын, мұнай, көмір, түрлі - түсті металдар өндіріледі. Алматы, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Семей сынды үлкен қалалары бар. Туған жеріміздің табиғаты өте керемет. Өзен - көлдеріміз де бар. Бірақ Қазақстанның көп бөлігін далалы жер алып жатқандықтан оны далалы өлке деп атайды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 16 млн халық тұрады. Сонымен қатар, өзіміздің президентіміз, әнұранымыз, туымыз, валютамыз, елтаңбамыз бар. Біздің Отанымыздан ұлы адамдар да шыққан. Мысалы: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Жабаев, т. б. Осы ақындар өз өлеңдерінде Отан туралы көп жырлаған.
- Қане, сендердің араларыңда Отан туралы өлең білетіндерің бар ма?




Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: