Биология пәнінен ашық сабақ жоспары.
Сыныбы: 7 "Ә"
Күні: 15. 02. 2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: "Қосмекенділер класының жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі. Көбейуі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы". 7 Зертханалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қосмекенділер класына сипаттама бере отырып, бақалардың сыртқы және ішкі құрылысымен, олардың қосмекенді тіршілігі, жылдық тіршілік циклы, қоректенуі, көбейуі және дамуы, олардың түрөзгерістері, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы туралы білім беру.
2. Ойлау, ғылыми пәндік тілде сөйлеу, оқу материалымен өздігінен жұмыс істеу, жүйелеу арқылы материал негізін көрсете алу дағдыларын дамытуға түрткі жасау.
3. Жануарларды қорғауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, электронды оқулық, тапсырмалар, маркер, постер, плакат, бақаның қаңқасы, бақаның моделі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ меңгеру
Пәнаралық байланыс: география, экология, ағылшын, қазақ тілі.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап,жұмбақ шешу, миға шабуыл, құпия сан, "Дұрыс тұжырым" тапсырмалары, топтық жұмыс,
Күтілетін нәтижелер:
Қосмекенділерге сипаттама бере алады;
Қосмекенділер класының ерекшелігін білетін болады;
Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысына сипаттама бере алады;
Қосмекенділердің пайдасы мен Қызыл кітапқа енген түрлерін біледі.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру. 1. Сәлемдесу. 2. Сабақта жоқ оқушыларды анықтау. 3. Сабақтың мақсатын айқындап, жоспармен таныстыру. (1 мин)
II. Жаңа материалды түсіндіруге даярлық. (2 мин)
1) Жұмбақ шешу "Қосмекенділер":
Жұмб
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>