Қош әліппем

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қош бол Әліппем!
Мақсаты.
1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан-жақты білімдерін, шығармашылық, танымдыққа білеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.
3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін – бірі сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері, слайдтар, видеопроектор, жылжымалы тақта.
Барысы.
І Ұйымдастыру.
Кіріспе.
Мұғалімнің сөзі.
Құрметті қонақтар, оқушылар, ата – аналар! Бүгін сіздер 1 – сынып оқушыларының әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Барлық кітаптың атасы – Әліппе. Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәттер бір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Сондай-ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға. Сөзімізге төмендегі «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты сабақ нақты дәлел бола алады. Ондағы «Әліппенің» арқасында 42 әріпті таныған оқушылардың қуанышы сіздің де көңіліңізге нұр құяды.
Бүгін 1 «А» сынып оқушылары әліппені қалай меңгергендерін, сонымен қатар қалай есептеп, қалай жаза алатындарын көрсетпек. Мерекемізді бастайық!
1 – жүргізуші:
Өтті оқу сан сабақ.
Бүгін үлкен салтанат!
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың<

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: