Қош келдің, Жаңа жыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

технологиялық карта
Күні:
Білім беру саласы: "Әлеуметтік орта", "Таным", "Қатынас".
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеуді үйрету. Жаңа жыл қонақтары мен ертегі кейіпкерлері туралы түсініктерін бекіту. Бақылау жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізу іскерліктерін жетілдіру. Мерекені өткізуге дайындыққа қатысу ниетін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мерекелік фотосуреттер, қардан, пенапластан жасалған аққала мүсіндері
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар,
Әдіс-тәсіл: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Іс-әрекет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңберіне түрғызу.

Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.


Ұйымдас тырушы лық-ізденістік
Қоңыраудың дыбысы алыстан естіледі де жақындай түседі. Қонаққа Сайқымазақ келеді. Сайқымазақ балалармен амандасып болғаннан кейін өзінің мерекеге кетіп бара жатқандығын айтады. Педагог Сайқымазақтан қандай мерекеге бара жатқандығын сұрайды. Сайқымазақ ары-ойланып, бері ойланып таба алмайды. Балалардан өзінің қандай мерекеге бара жатқандығын сұрайды.
Балалар, Сайқымазаққа көмектесейік. Мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауап беруге тырысыңдар, мүмкін сонда Сайқымазақтың есіне түсер.
Сендер жақында қандай мерекені тойладыңдар?
Ол мереке жылдың қай мезгілінде болды?
Жарайсыңдар, балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар.

Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Келе жатыр бір кісі
Ақ күпіге ораны

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: