оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Абылай.
Жаңа жылға сәніміз,
Біздің айтар әніміз.
Келдің бе,аман алыстан,
Сәлем,Аяз атамыз.
Бекарыс.
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді.
Тақпақ айтқан балаға,
Сыйлықтарын берді.
Шыршамызда керемет,
Ойыншықтар тағылған.
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.
Бекжан.
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Балнұр.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау қарлы шың.
Санжар.
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Әмина.
Би: Кадрил.
Ән: Құтты болсын, Жаңа жыл!
1. Жап жарық қып бар маңды,
Шыршамызға шам жанды.
Әніміз бен биіміз,
Әрі қарай жалғанды.
Қайырмасы:
Кел, кел, Жаңа жыл!
Шырқап, шырқап бала жүр.
Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Құтты болсын, Жаңа жыл!
2. Жаңа жылды қарсы аламыз,
Би билейміз қуана.
Шыршамызға шам жағамыз,
Қараймыз ғой тамсана.
Аяз ата:
- Ой балалар, менің сендерге әкелген сыйлығымды көрмедіңдер ме? Орындықтарынңың астында жоқ па? Қараңдаршы. Мамаларың алып қоймады ма? Шыршаның астында жоқ па екен қараңдаршы? Бір кезде залға шананы сүйретіп балалардың сыйлықтарын алып келеді. Аяз ата мынаны қардың астынан тауып алдық, балалардың сыйлығы емес пе? Аяз ата рақмет сендерге үлкен мен осы сыйлықтарын іздеп таппай жатырған едім.
Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратады.
Ақшақар: Мінекей балалар, сендермен қоштасатын кез де келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аяз ата:
Жаңа жылда балалар тек, қуаныш көріңдер,
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>