жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген ,
Басып өту мен үшін.
Жаңа жылдың түнінде,
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем екен сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға,
Одан зор бақыт бола ма?
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Ақшақар:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге.
Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Мен бір ойын білемін. Мен сөйлемді бастаймын, ал, сендер аяқтаңдар. Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр . . . . . . .
Балалар: Жаңа-жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге . . . . . .
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Шырща бүгін кәделі!
Балалар: Шырша өте әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын-күлкі таралсын.
Құтты болсын!
Балалар: Жаңа-жыл! 3рет
Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сыйқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Балалар: Бір, екі, үш шырша жарқырай түс ! (3рет айту керек)
Шырша жарқырайды.
Балалар қол соғады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Қош келдіңіздер, Аяз ата Ақшақар! Алыс жолдан шаршап келдіңіздер отырып дем алыңыздар. Балалардың сіздерге арнаған тақпақ, әндері, билері бар көріп тамашалаңыздар.
Ән: Шырша жырын айтамыз.
Қане, достар тұрмайық,
Қарсы алайық жыл басын.
Қызықтан бос қалмайық,
Шырша жыры самғасын.
Қайырмасы:
Ал, достарым келіңдер.
Келді Аяз атамыз,
Биде билеп беріңдер,
Шырша жырын айтамыз.
2. Құтты болсын, Жаңа-жыл!
Шыршамыз тұр жараса.
Жанында Аяз ата тұр,
Қуанады балаша.
Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар балаларымыздың сізге арнаған тақпақтары бар
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>