Теректі колледжінің тарих пәнінің оқытушысы 
 Амангалиева Агжан Хамитқызы
 "Қош келдің жаңа 2018 жыл" 
 қойылым
 Қатысушылар:
 1. Мыстан кемпір
 2. Маугли
 3. Тигр-Багира
 4. Маймыл
 5. Аю-Балу
 6. Жылан Ка
 7. Қасқыр
 8. Аяз ата
 9. Ханшайым
 10. 4 ер бала
 11. Ескі жыл-2017ж -тауық жылы
 12. Жаңа жыл-2018ж -ит жылы
 13. 12 ай (қыздар-бүлдіршін)
 Сахна жаңа жылдық үлгіде безендірілген. Ортада әдемі шырша. Ортаға мыстан кемпір шығады. 
Мыстан кемпір (тандана):
- Тамаша, мына жерде жаңа жылдық мереке болмақшыма? Бирақ , мен оны неге білмеймін? Менсіз мереке тойлағанды көрсетейін. У-шуды жаным жек көреді. Ал, сендер нағып тұрсындар. Мен бұл карнавалды өткізбеймін, бәрі менің қолымда . Қазір- ақ мына шыршаны жоққыламын. Ах-ха-ха-ха-ха. (қолындагы балтасымен шыршаны шаппақшыболады, жарык бір жанып, бір сөнеді) - үрейлі музыка ойнайды. Осы кезде (сахна ортасына ) маугли достарымен шыгады. 
Маугли:
-Әй, сен кімсін, не істемексін, мынауын не? (маймыл балтасына жармасады). 
Мыстан кемпір 
-Не, мені білмейтін сен кімсің, мені бәрі біледі. Мерекеге келсендер,ол болмайды. . . 
Маугли: 
Бізде әдейі осы жердің кең байтақ даласын көріп,ұзақ аралап,енді жаңа жылдық карнавалын көргіміз келеді. Шыршасыз балалар жаңа жылды қалай қарсылайды?
Мыстан кемпір:
-Ах-ха-ха-ха маған ешкімде бөгет бола алмайды. Керек десең, қазір мына таяғымен сіздерді жоқ қыламын, елдеріңе қайтарам. 
Тигр: 
-Қателесесің, біз көңілді карнавалды көрмей ешқайға кетпейміз. 
Маугли: (айнала таңдана қарап жүріп)
-Мынауың не нәрсе,көрейінші? (мыстанның сыпырғысын алып көреді, байқаусызда сілкіп қалады). 
Мыстан кемпір:
-Әй!тиме, А-а-а-а (кері шегініп, жоқ болады). 
		
		
Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
		
		
	    
	
    