ты.
Көрініс: "Ең қиын сұрақ"
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып. Оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Анасы: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы: Сынып бөлмесінің терезесін. Кім сындырды деген сұраққа. . .
Көрініс: "Емтихан"
Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
Би: "Қыздар биі"
Мұғалім сөзі:Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды,білімді,ел билейтін ұландар,көркейтетін қыздар болыңдар дегім келеді.
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе.
Марапаттау рәсімі. (оқушыларға диплом беру)
Мектеп директорының құттықтау сөзі
1-жүргізуші:Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы. Ата-аналар атынан сөз кезегі беріледі.
1-жүргізуші: Осымен "Қош бол, балғын балалық" атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
1-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мереке тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін.
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>