3. Үлкені боп келеді жанұяда,
Кезек келді ерке қыз Данагульге де
Әрқашанда күлімсіреп жүресің.
Әңгімеңмен баурап алып кетесің.
Болашақта биік-биік шыңдардан,
Көрінеді ғой деп мен өзіңе сенемін.
4. Дильдар сондай салмақты,
Сабақ оқудан бір талмапты
Әр іске де жауапкершілікпен қарайтын
Оқушымсың сенімімді ақтайтын.
5. Әр іске де жауапкершілік танытатын
Сабақтан босқа қалмауға тырысатын.
Айдана ақкөңіл бала,жүрегі кең,
Мақтан етіп өзіңді жүремін мен.
6. Есеп шығарудың шебері,
Математиканы өте жақсы көреді.
Өнеріңді өзіңнің бағалаймыз,
Сұңғақ бойлы,әдемі қыз Айлана.
7. Бос жібермей ешқашан да уақытын,
Сурет салу сенің бар үлкен талантың.
Самғай бер,қанатың талмасын,
Ахметжан келешекте жарқын болсын болашағың.
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
"Өмір" деген ұзақ жолда тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ. . .
1-жүргізуші
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>