Қош бол, балғын балалық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Тақырыбы: "Қош бол, балғын балалық"
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: "Шуағын төккен 4 жыл" фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Қош келіпсіздер , құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
"Талаптарыңа нұр жаусын!" деп "Қош бол,балғын балалық" атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныпты ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
1. Даниялдай ұлымыз бар мақтанамыз,
Әніне,өлеңіне рахаттанып шаттанамыз.
Талантымен талайды табындыртар,
Даниялға ақ тілекті ақтарамыз.
2. Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,
Әр ісі әрқашан да мойындалар.
Әр ісіне жауапты Ерген бала
Арманың болашақта орындалар.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: