Қош бол, балдырған

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Даниял:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегің,
Туған Отан қуансын.
Дамиля:
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Ән салайық бас қоса.
Бақшаменен қоштаса
Қалам,дәптер,өшіргіш
Кітаптармен достаса
Ән: "Балабақшам, қош сау бол!"
Бақшаның қоңырауы,
Соңғы рет сылдыр етті.
Қоштасар болды уақыт,
Жүрегім дір-дір етті.
Қайырмасы:
Тебіренді таныс көңіл,
Белгісіз жол басталып.
Сен алғаш бақшаға бұл,
Келдің ғой сәл жасқанып.
Қуаныш мол кеудемде,
Мектебіме тарттым жол.
Ұмытпаймын өзіңді,
Балабақшам, қош сау бол!
Тәрбиеші: Біздің балалардың апайларына арналған алғыс, ақ тілектері бар:
Фатима:
Құрметтеуге лайық
Жанат Нүсіпжанқызы
Бар балаға мейірімді,
Қамқорымыз, панамыз
Ақылын тыңдап ұғынсақ.
Ашылар әркез санамыз.
Аман болсын қашанда
Ақылы асқан данамыз.




Нұрасыл:
Жайдары жүз,ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын
Анар Бейсенбекқызына көп рахмет.
Асылай:
Ән салдырып билеткен,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақтарды үйретіп,
Ойнатады, күледі.
Қызық-қызық ертегілер,
Бізге оқып береді.
Жалқаулар да тентек те,
Сол апайға көнеді.
Шынарапайға,
Көп рахмет айтамыз.
Еркебұлан:
Ақ төсекке жатқызып,
Бала болып ойнаған.
Тәтті тағам ұсынған,
Балалардан Ләйләапайға мың алғыс.
Арслан:
Тамылжытып ән салдырып үйре

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: