енім - білім.
Екі дегенім - елім,
Үш дегенім - үміт,
Төрт дегенім - түлік,
Бес дегенім - бесік.
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желім.
Сегіз дегенім - сенім,
Тоғыз дегенім - төзім,
Он дегенім - өзім.
Бестік: 2-ші тапсырма: Ал, енді маған кім қандай мақал-мәтел айтып бере алады?
Дамир:
Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Бестік: Енді маған кім 10 ға дейін кері және тура санап береді?
Али, Нұрасылшығады
Бестік: Балалар сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер, әрқашанда осындай бола берулеріңе мен тілектеспін. Мен сендердің келешектегі достарыңмен таныстырып өтейін деп едім, енді соларды ортаға шақырайық. (Математика, әліппе, дәптер, күнделік кіреді).
Әліппе:
Сымбат:
Менің атым әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып, ержеткен,
Бауыржан да, Мәлік те.
Математика:
Еркебұлан:
Біздің келер шамамыз,
Бестен үшті аламыз.
Төртті бөліп екіге,
Жауабын тез табамыз.
Дәптер:
Елнур:
Ел құрметтеп бағалар,
Досың бар ол тазалық.
Кел, дәптерге балалар,
Тап-таза етіп жазалық.
Күнделік:
Нұрай:
Жазулы менде әр күнің,
Бар мінезің, тәртібің.
Дос болайық, жарқыным,
Жолдасымсың сен менің.
Балалар мектепте кездескенше сау болыңдар!
Ән: "Алға қазақ жігіттері"
Орындайтындар Бақдәулет, Әли, Дамир, Нұрасыл
Алға қазақ жігіттері
Асыл текті туған,
Алаш кегін қуған.
Ерлерім ел үшін,
Белін бекем буған.
Ақ білек күшімен.
Ақ найза ұшымен,
Қорғаған бабамның,
Үлгі алып ісінен.
Қайырмасы:
Алға, алға, алға қазақ жігіттері,
Сенім артқан жансын халық үміттері.
Көк аспанда желбіресін
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>