Қош бол, балдырған

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Алматы облысы
Қарасай ауданы
"Сандуғаш" балабақшасы
Базарбаева Шынар Ибадуллақызы
"Балдырған" ересек тобы
"Қош бол, балдырған"
Залда "Бақытты балалық шақ" әні естіліп тұрады. Шарлар, гүлдермен, қанатты сөздермен безендірілген.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің мерекеміз ерекше, себебі бүгін бірнеше жыл мәпелеп өсірген, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!
"Балдырған" тобының бишілері: Айша, Талшын, Сымбат
Тобымыздың спорт шеберлері:Төрехан, Алихан және Еркебұлан
Тобымыздың еңбек десе ерінбейтін, еңбекқор балалары: Кәусар мен Бақдәулет
Тобымыздың білімді де дарынды балалары:Асылай мен Фатима
Тобымыздың шешендері: Дамир мен Арслан
Тобымыздың әншілері: Әли мен Нұрасыл
Тобымыздың кербез де сұлу қыздары: Нұрай, Дамиля және Аружан
Тобымыздың сүйкімді де сүйікті балалары:Даниял мен Елнурды ортаға шақырамыз!
І қатар: Еркебұлан, Дамиля, Талшын, Елнур, Нұрай, Арслан.
ІІ қатар: Нұрасыл, Аружан, Төрехан, Кәусар, Даниял, Асылай, Алихан.
ІІІ қатар: Әли, Фатима, Дамир, Айша, Бақдәулет.
Фатима:
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңіз де есен - сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен,
Апайларға айтатын алғысым бар.
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық!
Ән: "Қош, балбұлақ бақшамыз"
Балабақшам талбесік,
Тәрбиенің бағы.
Аттанамыз "қош" десіп,
Белес асып тағы.
Қайырмасы:
Қош, балбұлақ бақшамыз.
Ұмытпаймыз мәңгі.
Қанат жайып ұшамыз,
Өмірдің бұ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: