Тақырыбы: Қош бол, балабақшамыз! Сәлем саған, мектебім!
Мақсаттары: Балабақшада өткізген күндеріне шолу жүргізу. Балаларға және көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. Бір бірін, залдағы көрермендерді сыйлауға, өзара ынтымақтастыққа, өнер мен білімді сүюге тәрбиелеу.
"Звук волшебства" деген жазба қойылады. Соның дыбысымен залдың ортасына келіп ұшақпен төрт жүргізуші бала қонады да, ішінен шығады. Сөйтіп ертеңгілікті бастайды.
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге арналған білім бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігін бастау үшін Бозанбай ауылының "Айгөлек" балабақшасының "Айналайын" мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері "Бақытты балалық шақ" ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында ұялы телефондарыңызды өшіріп, тыныштық сақтап, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!
(Ұшақтан төрт бала түседі)
Жүргізуші Алижан: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің қоштасу мерекемізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші Юсуф: Добрый день, уважаемые родители, дорогие дети! Гости нашего праздника!
Жүргізуші Парасат: Гуд дэй дие пейрентс чилдрен энд гест! Уэлкэм ту ауэ холедей!
Жүргізуші Юсуф: Сегодня у нас торжественный день мы прощаемся с нашим любимым детским садом. Мы хотим показать все, чему мы научились детским саду.
Жүргізуші Бақдәулет: Диэ пэйрентс, тичерс энд гетс, уэлкэм ту ауэ градуэт консет уеа а глэд ту си ю, Бикос, тудэй из вери импотант дэй ин ауэ лайф. Уи а гоуиң ту градуэт ауэ кинд
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>