Қош бол, балабақшамыз! Сәлем саған,мектебім

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ергаден. Ауэ нью лайф би континю скул.
Парасат
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем менің көкке тиіп,
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп
Тұрамын "тәрбиешім" деп, басымды иіп!
Осы жерде төрт бала екі тәрбиешісін жетектеп ортаға шығарады.
Гүлзәда Жанарбекқызы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым! Кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан-жағына таңырқай қарап, "Айгөлектің" табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің бүгін балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің куәсі болғалы отырсыздар. Балаларыңыздың әрқашанда дендері сау болып, қанаттары талмай, білім нәрімен сусындап, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспін!Сіздерді жақсы қылықтарымен, үлкен нәтижелерімен үнемі қуанта берсін! Әрдайым жүздерінен күлкі кетпесін!
Асима Ағзамқызы:
Қош келіпсіз, құрметті қонақтар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Бұл - алаңсыз балғын шақты балалар!
Толқимыз! Толқып тұрсыз,баршаңыз да!
Мұндай күй болған, сірә,қаншаңызда
Қол соғып,қошеметтеп шақырайық
Бақшамыздан бүгінде ұшқай тұрған
Әдемі ханзада мен ханшаларды!
Тәрбиешілер сөйлеп біткенде балалар музыка әуенімен залға кіреді. Мен әр баланың толық аты-жөнін айтып тұрамын.
Асима Ағзамқызы:
Құрметті ата-аналар!

"Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен",
- деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай, бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берейік!
Перизат:

Армысыңдар, үлкен-кіші көрермен.
Кенде емес Перизат қызың өнерден
Ренат - әкем аты, шешем - Зухра
Ән салып, би де билеп беремін мен.

Кәусар:

Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің бері қараңдар!
Ана

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: