ін анықтау;
- өнімділікті анықтау;
- еңбек қорғаудың автогрейдерге әсері;
- экономикалық әсерді есептеу.
1. Автогрейдерлерді құру және енгізу саласында материалдарға шолу
1. 1 Тағайындалуы, жіктелуі және конструкциясы
Автогрейдер – алаңдар мен еңістерді жайғастыру және профильдеуге, сонымен қатар, биіктігі 0,6 м-ге дейін үйінді құрастыруға, қар және борпылдақ құрылыс материалдарын тегістеу мен жылжытуға арналған тіркемелі немесе өзі жүретін машина. Автогрейдердің көрінісі сурет 1. 1-де көрсетілген 2.
Сурет 1. 1 – Автогрейдердің көрінісі
Автогрейдердің түрлі жұмыстарды атқара алады, өйткені оның қайырмасы тік және көлденең жазықтықта түрлі бұрыштарға орналаса алады, түрлі ауыспалы жабдықтар орналастырылуы мүмкін (20 түрге дейін), жоғары мобилділікті (машинаның көліктік жылдамдығы 45 км/сағ-қа жетуі мүмкін) қамтамасыз етеді.
Автогрейдердің негізгі жұмыстарының бірі – топырақты жолдарды үшбұрышты немесе трапециялы кюветпен нөлдік деңгейде немесе 0,4 м биіктікті үйінділерде профильдеу болып табылады. Профильдеу жұмыс ретінің бөлек циклдерінің қайталануынан құралады, оның бастысы кесу болып табылады. Әр жұмыс реті – кесуден кейін грунт үйіндіге бірнеше рет орналастырылады. Кесудің еңбек сыйымдылығы жоғары, сондықтан ол жоғары тарту күшін қажет етеді.
Автогрейдердің өндірістің түрлі бағытта, құрылыс мекемесінде және коммуналды қызметтерге пайдаланылады. Ол үйінділерді орналастыруға және салуға, грунтты басқа қоспалармен араластыруға пайдаланылады. Сонымен қатар, ол машинаны ескі жол жабындысын және ауыр грунтты ашып тастауға қолданылады. Коммуналды қалалық қызметтерде автогрейдер үнемі пайдаланылады, өйткені оның көмегімен жолды қардан, мұздан тазартады, жол жиегін тегістеп тазартады. Ол қайырманың түрлі орналасуының көмегімен түрлі
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>