үйе. Сонымен қатар, гидротаратқыштарды басқау рукояткалардың нейтральды күйі кезінде сорғыны жеңілдету бар. Жүйенің құрамына негізгі жұмыс жабдығын басқаратын алты қолмен басқарылатын гидротаратқыштар кіреді. Төрт электрлік гидротаратқыштар көмекші операциялардың жұмысын қамтамасыз етеді. Гидротаратқыштармен басқаруда рульдік колонкада қысқа жүрісті рычагтарды көлденең орын ауыстыруы бар. Жүйе қайырманы көтеру, қайырманы еңкейту, бұрылыс шеңберін қозғау, доңғалақты еңкейту және раманы бүгу контурындағы гидрозамоктармен жабдықталған.
Қопсытқыш арнайы техниканың артына орнатылады және тасты, қатқан және ауыр топырақтарды келесі өңдеуге дейін жұмсарту мақсатында қопсытуға арналған бес тісі бар, максималды мүмкін болатын тереңдетілу – 230 мм-ге дейін және қармау ені – 1,8 м. Грейдер қайырмасы раманың астында автогрейдердің алдыңғы және ортаңғы белдіктерінің арасына орнатылады. Жолды асфальт төсеуден бұрын оған себілетін гравийді тегістеуге арналған. Қысқа мезгілде қайырма жол жабындасын қардан және мұз қабатынан тазартуға арналған. Қайырманың ұзындығы – 4,2 м және биіктігі – 0,7 м. Мүмкін болатын кесу бұрышы 70-ке дейін құрайды. Бұл жабдық бүйір жағына қарай 1,05 м-ге дейінгі арақашықтыққа жылжиды және доңғалақтың төмен тіреу бетінен 0,5 м-ге дейін төмен түседі. Грейдер қайырмасы бар ДЗ-98 автогрейдерінің өнімділігі 327 м2/сағ құрайды. Техниканы техникалық пайдалану коэффициенті сексен бес пайызды құрайды.
Жол-құрылыс техникасының осы моделі жоғары беріктік қорына ие. Бірінші күрделі жөндеуге дейінгі атқарылған жұмыс көлемі 8400 мото/сағ кем емес. Күштік агрегат жанғыш-майлағыш материалдардың сапасын аса қатты талап етпейді, ал жүріс бөлігі ауыр шарттағы жұмыстарды жақсы көтереді. Машинаның барлық түйіндері мен жүйелері дала шарттарында да тез жөндеу үшін жобаланғ
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>