ы.
Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіәне тыйым салынды. Ежелгі славян тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балқан түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық күреске шығып отырды.
Осман империясының құрылымы. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. І Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжақтарға бөлінді. Уәлаяттарды билер басқарды. Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды. 1) Рухани феодалдар; 2) Әскери феодал; 3) Көпестер мен қала тұрғындары; 4) Шаруалар. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық - харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.
Болгар және серб партизандары өздерін "гайдуктер" деп атады. 1593-1598 жылдары, орыс-түрік соғысы кезінде күрес біршама күшейді. Ресей империясы діні бір ел - болгар, сербтерді қолдапотырды. Алғаш рет ұйымдасқан көтеріліс 1598 жылы Тырнова қаласында болды. 1594 жылы серб халқы Австрия мемлекетіне арқа сүйеп , түріктерге қарсы шықты. Түрік езгісінен қашқан сербтер Воеводин жеріне орналасты. Түрік үстемдігі Балқан түбегінде 1389-1878 жылдарға дейін созылды.
Түрік мәдениеті. Түркияда жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері ХІІІ ғасырда пайда болды. Тұңғыш шығармалар сопылық сарында жазылды. Көне шығармалардың қатарына Ахмед Факихтің "Тағдыр кітабы" жатады. Түрік тілінде ең алғашқы шығарма - сопы Ашик паша жазған "Қуғындылаушының кітабы" (поэма) болды.
Түрік музыкасы басқа да түрік халықтарының музыкасыме
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>