еттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді.
1389 жылы түріктер Сербияға шабул жасайды. Шешуші ұрыс 15 маусымда Косова даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны І Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич І Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтірілді. Балқан түбегін бағындыру І Мұраддың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдарым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгарлардың Тырнова патшалығын бағындырды.
1453 жылы сәуірдің басында ІІ Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерлерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алды. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин ХІ Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза тапты.
Константинополь Стамбұл атымен Осман империясы болып жарияланды. Осман түріктері ХІV-ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды. Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін санжаққа (облысқа) бөлді. Феодалдық жер иелігі - спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер - вакуф деп аталды.
Балқан түбегіндегі халықтарға мемлекеттік салық салынды. Жер салығы - харадж енгізді. 5-7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиеленіп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды "райя" деп атады. "Райя" деген сөз "мал" деген мағынаны білдірді.
Үріш салығы - өнімнің түсімінен алынатын салық түріне жатады. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмад
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>