САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: "Орта ғасырдағы Түркия"
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Орта ғасырдағы Түркия туралы оқушыларға толық түсіндіру.
ә) дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау қабілетін, тіл мәдениетін, шығармашылыққа дамыту.
б) тәрбиелік: Елін-жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, суреттеу, бекіту, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: саяси карта, сурет, плакат, компютер (слайд).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Кезекші мәлімдемесі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Мұғалім: Бүгінгі ашық сабағымызды сайыс қылып өткіземіз. Сыныпты екі топқа бөлеміз. Сабақ барысында "Сырлы жол" ойынын ойнаймыз. "Сырлы жолда" түрлі тосықтар шығады. 1. Қарақшылар, 2. Жұлдыздар әлемі, 3. Асық ату, 4. Ауыр тас кедергілері шығады. Егер осы тосықтардан көп ұпай жйнап шыққан топ алтын қазынаға ие болады.
І Үй тапсырмасын сұрау.
Компютер арқылы слайд көрсету. ( Үнді мемлекетіндегі орта ғасырда салынған ғимараттар, храмдар, құдай мүсіндері).
ІІ Үй тапсырмасын бекіту.
"Қарақшылар" ойыны: Бұл ойынның шарты бойынша оқушылар слайдда тұрған қарақшылар дың сұрақтарына жауап беру керек.
І-топ:
1. Тау өңірінде салынған сарай (Аджант)
2. Орта ғасырлық Үндістанның бір ерекшелігі (Касталарға бөліну)
3. Үнділердің дүниені жаратушысы құдайы (Брахма )
4. Үнділер киелі деп санайды (Ганг өзені, сиырды, лотосты. )
5. 5-7 ғасырдағы иеалистік көзқарас ұстанған философтар (Нагарджун, Джаймини, Васуб андху)
6. Үндістан сәулетшілер-дің әлемдік деңгейде салынған кесене (Тәж-Махал кесенесі )
ІІ-топ:
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>