Ормандағы аңдар ашық сабағы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

сады.
Тышқан орман аңдары қайда кеткен, балалар аңдарды көреміз деп қуанып келіп еді.
Мен сендердің келе жатқандарыңды естіп аңдарды тығып тастадым, менің тапсырмамды орындасаңдар аңдар келеді.
Балалар орманда қандай аңдар өмір сүреді?
Аю, қасқыр, түлкі, қоян өмір сүреді.
Аңдар балалармен амандасып, орындықтарына отырады.
Балалар біз сендерге әртүрлі тапсырмалар дайындап қойдық, ол тапсырмалар әр ағаштың түбінде жасырулы, апайларың сендерге оқып түсіндіріп берсін.
1. Аңдар туралы тақпақ білесіңдерме?
Балалар аңдарға арналған тақпақтарын айтып береді

Ақ қоян ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян.
Қаша берсең орманға,
Қорқағым деп ат қоям.

Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың.
Қанша қулық асырсаңда,
Қасқырдан еш құтылмайсың.

Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады.
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық

Балалар бойымызды жазып сергіту сәтін жасап жіберейік.
Қоян, қоян секеңдейсің,
Мұздан қарғып өтем дейсің
Тайып, құлап түстің,
Не болды ал, үстің?

2. "Ненің баласы" ойыны
Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру
Барысы: Балаларға суретттерді көрсете отырып, сұрақ қою.
Түлкі баласы - жәутік
Қасқыр баласы - бөлтірік
Аю баласы - қонжық
Қоян баласы - көжек

3. "Не артық" ойыны
Мақсаты: Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру.
Барысы: Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек. Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т. б.
4. Аңдар туралы қандай ертегі білесіңдер
Балалар: "Үш аю", "Ж

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: