Операциялық жүйелер топтамасы және олардың қызметі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

4. Утилита дегеніміз не?
а) Операциялық жүйе
б) Мәтін тану программалары
с) Шетел тілдерін аударушы программалар
д) Компьютерге мұрағаттау,дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программа.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін эранда жұмыс үстелі пайда болады.
Жұмыс үстелі. Оның сыртқы түрін пайдаланушының өзі жеке таңдайды. Әдетте жұмыс үстелінде Компьютер, Желі/сеть/, Қоржын/Корзина/,Басқару тақтасы /панель управления/ сияқты нысандардың белгішелері ,Есептер тақтасы /Панель задач/мен Бастау /Пуск/ батырмасы орналасады. Бастау батырмасын басқаннаң кейін программаларды іске қосуға, құжаттарды ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға тб мүмкіндіктер беретін Windows-тың Бас мәзірі /главное меню/ ашылады. Бас мәзір оң және сол жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігінде соңғы рет жұмыс жасаған программалар орналасады. Және Барлық программалар, іздеу терезесі, тұтынушы, құжаттар, бейне, музыка, компьютер, басқару тақтасы, құрылғылар мен принтерлер, үнсіз келісім бойынша программалар, анықтамалар мен қолдау тізімдері көрсетіледі.
Компьютерде бейне мен дыбысты өзгерту.



Экран бетпердесін баптау /Заставка/.



Есептер тақтасы
Кез- келген қосымшаны қосқан кезде іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі. Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программамен қай тілде қай тілде жұмыс істеуге болатын ын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Үнсіз келісім бойынша орыс және ағылшын тілдері орналасқан. Тілді басқару тақтасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: