Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару.
Мақсаты :
Оқушыларға операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару әрекеттерін үйрету.
Жан -жақты болуға, өзбетімен жұмыстануға дағдыландыру.
Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
Оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, интербелсенді тақта, жетондар, плакаттар, Power Point , Prezi программасында слайдтар тб.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге берілген тапсырма "Программалық жабдықтама".
Программалық жабдықтама дегеніміз не?
Программалық жабдықтаманың неше түрі бар?
Операциялық жүйе деген не?
Операциялық жүйе қашан жүктеледі?
Жұмыстанып отырған компьютерлеріңізде қандай операциялық жүйе орнатылған?
Утилиталар деген не?
Кестемен жұмыс
Кәсіп
Қызмет нәтижесі
Программалық жабдықтама
Символдық ақпаратты өңдеу
Символдық ақпаратты өңдеу
Графикалық ақпаратты өңдеу
Графикалық ақпаратты өңдеу
Дыбыстық ақпаратты өңдеу
Тест тапсырмалары:
Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?
а) Ақпараттық жабдықтаманы
в) Программалық жабдықтаманы
с) Жады құрылғысын
д) Процессорды
2. Программалық жабдықтама неше түрі бар?
а) 4
б) 5
с) 3
д) 2
3. Операциялық жүйенің қызметі қандай?
а) Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа
б) Пернетақтаны басқаратын программма
с) Драйверді басқару үшін
д) Қатты дискті басқаратын программа
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>