Пәні: Информатика Күні: 23. 10. 2015. 8
Тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Операциялық жүйелердің анықтамасын білу. Олардың түрлерінмен танысу және программаларымен танысу;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, үйрету
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт. тақта.
Сабақтың өту барысы.
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты тексеру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:
1. барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір - бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;
2. әрбір адамға ЭЕМ - ді жалпы басқару мүмкіндігін беру.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>