ың 4 айы. Бойым 10-16 см, салмағым 40-50 гр-дай, бауырым, асқазаным, бүйрегім жұмыс істей бастады. Басыма алғашқы шашым шықты, ана құрсағында еркін жүзіп жүремін, анам аяғымның қозғалысын анық сезінеді.
5-оқушы. Дамудың 5 айы. Сыртқы дүниенің қатты дыбыстарын сезе бастадым, анамның көңіл күйін тез байқаймын. Оның маған арнаған жылы сөздеріне масайрап қаламын, шарап немесе арақ ішсе бет аузымды тыржитып, жаратпағанымды білдіріп, аяғыммен тебе бастаймын.
Жүргізуші: Нашақор мен маскүнем ата - аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, аурушаң арқылы кем әртүрлі дене кемістіктерімен туылып, халқына пайдасыз болып, осы зиянды әдеттерге биім келетіні зерттеліп, анықталған.
6-оқушы. Дамудың 6 айы. Бұл айды қозғалу айы деп атайды. 30 минутта 20-60 рет қозғалыс жасаймын, ұйықтаймын, оянамын. Әлі алаңсыз, қамсыз, өмір сүрудемін, дегенмен, ана құрсағы маған тарлық ете бастағандай. Жарық дүниеге шығуға дайындалып, басымды төмен бұрдым.
7-оқушы. Дамудың 7 айы. Көзімді аштым, құрсақтың іші қараңғы болса да, қабағымды қақпастан айнала қараймын, түрлі-түсті суреттерді қашан көрер екенмін? Түрлі себептермен жарық дүниеге шығу керек болса, дәрігерлердің көмегімен өмір сүруге қабілеттімін.
8-оқушы. Дамудың 8 айы. Мен кішкентай адаммын, барлық мүшелерім қалыптасып болды, жүрегім минутына 120-140 рет соғады. Бойым 40 см, салмағым 1700 гр-дай, анамның көбірек демалып, жиі - жиі тамақтанғанын қалаймын, күн санап жүрмін.
9-оқушы. Анамның "тар құрсағын кеңітіп, омырауын иітіп,
мен өмірге келдім".
Кең дүние төсіңді аш мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің. .
М. Мақатаев
4 бет.
І. Бәрін білгім келеді(ситуациялық сұрақтар)
ІІ. Мақалдардың мәнін аш
1. Уызына жарыған,
Ұлылыққа ұмтылар.
Азамат боп өседі ізг
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>