Сабақтың тақырыбы:Ондықтармен және бірліктермен санау.
Мақсаты:Ондықтарды, бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталау; бір және екі таңбалы сандарды; шығармашылық тапсырманы шешуді және мүмкін түсіндірме келтіруді топтың ішінде жалғастыру.
І. Ұйымдастыру сәті
Кел, балалар, келіңдер,
Есеп әлеміне еніңдер.
Қосу менен азайту
Теңдеу сырын біліңдер.
Ұзындық, масса, уақыт
Шамаларын табайық.
Күтеді қызық жұмыстар
Оқу жылын бастайық.
Оқулықпен танысу
-Оқулықпен танысып шығыңдар, авторларын атаңдар.
-Оқулықта қандай шартты белгілер қабылданған?
-Біз жаңа кітаппен таныстық. Кітап сендердің адал көмекшілерің болмақ, оны күтіп ұстаңдар.
ІІ. Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.
-Тақтаға "1" цифрын ілу және сұрақтар қою арқылы сипаттау.
-Осы сан туралы не белгілі? "Көршілер"
-Бұл неліктен бір таңбалы сан?
-Өмірде қайда пайдаланылады?
-Дүниеде тек қана бір саннан тұратын ұғымды табыңдар. (Күн, ай, жүрек, мұрын,бас т. б. )
-Сендер тағы қандай бір таңбалы сандарды білесіңдер?
1- натурал сан, 10-----
бір таңбалы, --
-Оларға не ортақ?
-Айырмашылығы мен ұқсастықтары неде?
2. Ойын "Сен маған, мен саған"
(Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Бір топтағы балалар санды атайды, екіншілері сол санға
байланысты ондықтарын атайды. )
ІІІ. Қайталау. Оқулықпен жұмыс
1. Көрнекілікке сүйеніп,бірліктермен санаудың және ондықтармен санаудың көмегімен сандарды шығарып алу тағы да еске түсіріледі және бекітіледі.
2. Жұптық өзіндік жұмыс. Нұсқалар бойынша жұптар орындайды. , әрі қарай оқушылар өзара тексеру үшін дәптерлерімен алмасады. Осыдан кейін мұғалім оқушылар жұмысын талдауы тиіс:
-Сендер қандай айырмашыл
Страницы: 1 | 2 > >>