Білім беру саласы: Әлеумет
Кіріктірілген білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері. Аппликация
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт-дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным-түсініктерін кеңейту. Қонақтарға жайылатын дастарханға қойылатын тамақтармен ыдыстар жөніндегі білімдерін жетілдіре отырып, дайын түрлі-түсті қағаздан қиылған кесені қызғалдақ гүлімен әшекейлеп, желімді ұқыпты пайдаланып жапсыра білуге үйрету.
Білімділігі: Балалардың қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Балалард мейірімділік, қонақжайлылық, кішіпейілділік, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, сұрақ-жауап, ой-қозғау,сергіту сәті, көрмені шарлау.
Пайдаланатын көрнекіліктер: Суретті слайд, тақырыпқа сай суреттер.
Қажетті - құралдар: Түрлі-түсті қағаздан қиылған кесе, қызғалдақ гүлі, желім, ақ қағаз, дымқыл шүберек.
Жүру барысы:
Шаттық шеңбер.
Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жайнап
Судай таза көңілмен
Бүгінігі күнімізді бастайық!
- Балалар бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада 7 күн бар.
- Балабақшаға неше күн келеміз?
- Балабақшаға 5 күн келеміз.
- Балалар аптаның бейсенбі күні бізге қандай оқу - қызметі болады?
- Экология негіздері. Аппликация
- Балалар осы экология негіздерінен өткен тақырыптарымызды есімізге түсірейікші?
- Жарайсыңдар балалар!
- Біздің табиғат бұрышымыз. Мамандықтың бәрі жақсы. Өзім туралы. Менің көмекшілерім. Туған өлкенің өсімдіктері т. б.
- Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қонақ әдебі туралы әңгімелейміз. Қазақ халқы - қонақжай хал
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>