Қол тігістері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қол тігістері
Сабақтың мақсаты:
а)Қол тігістер туралы мәлімет беру,тігістерді айыра білуге үйрету.
ә)Оқушылардың ой-өрісін ,ойлау,есте сақтау,өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
б)Эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу,адамгершілік қарым - қатынасқа тәрбиелеу,бір-біріне көмекке келуге адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ Оқыту әдісі:түсіндіру,бейнелеу. Сабақтың көрнекіліктері:тігістердің түрлері Құрал-жабдықтар:қайшы ,ине,жіп Пәнаралық байланыс:сызу ,математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу,оқушыларға психология-педогогикалық дем беру. -Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Бүгін біз үшін ерекше күн!Мен сендерге сенемін,сендер жақсы нәтиже көрсетесіңдер. !
ІІ. Өткен сабақты қайталау. Сұрақтар:
-Қыздар,өткен тақырыпта қандай тігісті үйрендік?
-Сендер қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
-Тігістің түрлерін айтыңдар?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғылар
Ине жоғары сапалы болаттан жасалатын,бір ұшы үшкір,екіншісі ұшында көзі,яғни жасалуы орналасқан өзек. Ине тегіс үшкір сынбайтын қатты болуы крек. Ине ұзындығы бойынша әртүрлі өлшемде болады.
Қайшы ,киім бөлектерін пішуге,жіптің ұшын қиюға арналған. Қайшы дыбыссыз жабылып,ашылуы керек. Қайшының жүзі өткір болуы керек. Оймақ-бұл пластмассадан,болаттан жасалған зат. Оның оң қолдың ортаңғы саусағына киеді. Сантиметрлік таспа ұзындығы 150 см тең . Матадан тігілген бұйымның бөлшектерін,өлшемін алуға арналған. Лекало бұйымының қатты қағаздан қиып жасалған бөліктері. Матаға лкалоларды қойып бақылау нүктелерін белгілеп шығады. Түйрегіш бұйым бөлшектерін түйрету,көктеу кезінде,сондай - ақ бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланылады. Ұзындығы 3-4 см.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: