Қобыз өнерінің тарихи бастауы және даму кезеңдері

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ып шыққан әуенінен сескенген қағанның тынышы қашып еді, көп шыдай алмады. . . . Қу тақтай азынап қоя берді. Әуелде- ақ бесті айғырдың үйірін жоқтап кісінегені сияқты бір дыбыс естілген еді, Шыңғыстың төбе қүйқасы шымырлап кетті. Көзі тумандап, алдында отырған Кет-Бұғаға қарап еді, күйші бар жыны бойына қонғандай қомданып алған екен. Қобызды тартып жатқан ол емес сияқты, қобыздың өзі сөйлеп жатқандай көрінді. . . Бұл –лағын жоқтап маңыраған киіктін шері, ботасын жоқтап боздаған аруананың мұңы еді. Бұл –жалғызынан айырылған ананың жоқтау жыры еді. »-деп жазады. Осылайша, Кет-Бұға жырау Шыңғыс ханға баласының қайтқанын қобыздың үнімен жеткізген деген аңыз, ел ішінде сақталып бізге ауызша жеткен.
Қазақ даласына VШ ғасырда-ақ тарай бастаған ислам дінінің ең алғашқы қарсыласы да қобыз аспабы болыпты деген болжам бар. Себебі, сол кездегі қобыз- Тәңірлік діннің өкілі, бақсылардың ажырамас аспабы еді. Бел алған ислам дінінің өкілдері ең алдымен Тәңірдің жердегі елшісі-бақсыларды қудалаған.
Көшпелілер ортасында ғасырлар бойы ең абзал тұлға болып саналып келген бақсыларға түрлі мистикалық жалалар жабылды. Күні бүгінге дейін айтылатын (қобыздың тілеуі жаман) қобыз сарынын естіп сырқатын жазатын қазақ, қобызшыны ислам дінінің ұғымындағы жын-шайтанымен сыбайластырып, бақсылар қобыз тартса: «жынын шақырып отыр!»-дейтін болған. Соның нәтижесінде ХХ ғасырға қобызда тартылған санаулы бақсы сарындары ғана жетіп, қалғандары жойыла түсті. Бұл туралы белгілі ғалым-фольклоршы А. В. Затаевич үлкен өкінішпен жазады.
Қазақ арасында музыкалық аспаптарда қосылып күй тартатын немесе әнді қосылып айтатын дәстүрдің ертеден қалыптасқанына айғақ болатын деректер де ерекше назар аудартады. Ғалым-дәрігер И. Сиверс 1792-1793 жылдары Сібірге саяхат жасау барысында Қазақстанның шығыс өңірінд

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: